Accessibility links

Керри Мәскеуде Лавровпен кездесіп жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 24 наурыз 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 24 наурыз 2016 жыл.

Мәскеуде бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп жатыр. Кездесуде Сирия мен Украинадағы жағдай талқыланады деп күтіліп отыр.

Керри Лавровпен кездесу басталмай тұрып Сириядағы әлсіз бітім "біршама ілгерілеушілікке бастағанын" айтты. Керри Сириядағы зорлық-зомбылықтың бұдан ары да азайып, гуманитарлық көмек көлемі көбейгенін қалайтынын айтты. Лавров халықаралық қауымдастықтың "Украинадағы қақтығысты реттеуге қалай әсер ете алатынын" айтпақ ниетте екенін білдірді.

Керри Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен де кездеседі. Бұл кездесулер барысында Керри Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетіруге қатысты Ресей тарапының жауабын алуға тырысады деген болжам бар. Керри Украина мәселесіне қатысты Мәскеуді Украина шығысында әрекет ететін, өзі қолдайтын сепаратистердің бітімді сақтауына ықпал етуге шақырады деп күтіліп отыр.

XS
SM
MD
LG