Accessibility links

Қырғызстанда оппозицияшыл екі саясаткер ұсталды


Қырғызстандық оппозицияшыл саясаткерлер Бектур Асанов пен Кубанычбек Қадыров.

Қырғызстандық оппозицияшыл саясаткерлер Бектур Асанов пен Кубанычбек Қадыров.

"Қырғызстанда мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) оппозицияшыл саясаткерлер Бектұр Асанов пен Кубанычбек Қадыровты ұстады" деп хабарлады жергілікті "Республика" басылымының бас редакторы Замира Сыдықова Азаттықтың Қырғыз редакциясына. Оның ақпаратына қарағанда, "Егемен" партиясы жетекшісі Асанов пен "Чындык" партиясы жетекшісі Қадыров газет редакциясында отырғанында "МҰҚК қызметкерлеріміз" деп кіріп келген бірнеше адам оларды алып кеткен.

МҰҚК баспасөз қызметі ұсталған азаматтардың "елдегі қоғамдық-саяси ахуалды шайқалтып, одан ары билікті күшпен басып алу әрекеттерін ойластырды" деген күдікке іліккенін хабарлады.

Таяуда интернетте Бектұр Асанов, Кубанычбек Қадыров және тағы екі оппозицияшыл саясаткердің "Қырғызстанда тұрақсыздық орнатып, билікті күшпен басып алуды талқылағаны" жазып алынған аудио жазба жарияланған еді. Саясаткерлер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, жазбаны "фальсификация" деп атаған.

XS
SM
MD
LG