Accessibility links

Сирия әскерінің Пальмираға кіргені хабарланды


Сирия армиясының Пальмираға кетіп бара жатқан сәті. 24 наурыз 21016 жыл.

Сирия армиясының Пальмираға кетіп бара жатқан сәті. 24 наурыз 21016 жыл.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы үкімет әскерінің бір жылға жуық уақыттан бері "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым) экстремистік ұйымы бақылауында болған ежелгі Пальмира қаласына кіргенін хабарлады.

Сирия армиясының Пальмираға қарай шабуылға шыққанына бірнеше күн болды. Пальмирада бірнеше ежелгі тарихи ескерткіш орналасқан. Содырлар қаладағы ежелгі Рим дәуірінен қалған нысандарды, оның ішінде Баал храмы мен Салтанат қақпасын жарып, қиратқан.

Ресей қорғаныс министрлігі мәліметінше, Сирия әскеріне қолдау көрсететін Ресей авиациясы 20-23 наурыз аралығында Пальмирадағы нысаналарға 146 соққы беріп, 320 содырдың көзі жойылған.

Ресей президенті Владимир Путин Сириядан әскери ұшақтардың біразын шығаруға бұйрық беріп, бірақ ИМ және "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Нусра майданы" тобына қарсы операциялар жалғаса беретінін мәлімдеген.

27 ақпанда Сирияда АҚШ пен Ресейдің келісімімен Сирия армиясы мен көтерілісшілер арасында бітім орнап, қақтығыс тоқтаған. Бірақ бітім күші ИМ мен "Нусра майданы" тобына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG