Accessibility links

Керри мен Путин келіссөз жүргізді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 наурыз 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 наурыз 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей президенті Владимир Путин төрт сағатқа жуық келіссөз жүргізіп, Сирия мен Украина мәселесін талқылады. Керри кездесудің "нәтижелі" болғанын, Путинмен Украинаның шығысында қақтығысты тоқтатуды және Ресейде сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың тағдырына қатысты мәселені талқылағанын мәлімдеді.

Керри АҚШ пен Ресейдің Сирияда саяси өзгерістер жасауға уағдаласқанын да айтты.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Керриге Савченкоға қатысты ұстанымын білдіргенін айтты. Ол бұған қоса, Вашингтон Киевті Минск келісімін орындауға көндіреді деген үмітте екенін, ал Ресей өз тарапынан Луганск мен Донецк облыстарындағы сепаратистерге қысым көрсететінін айтты.

XS
SM
MD
LG