Accessibility links

Дияс Майамидегі жарыстың 3-кезеңіне шықты


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Maimi Open жарысының үшінші кезеңіне шықты. Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған Дияс екінші айналымда австралиялық Дарья Габрилованы (34) 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда беларусь Ольга Говорцовадан 6:0, 6:1 есебімен басым түскен.

Енді Дияс төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямспен кездеседі.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (90) Майамидегі жарыстың екінші кезеңіне шықты. Ол бірінші айналымда америкалық Брайан Бэйкерді (1045) 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Кукушкин екінші айналымда бразилиялық Томас Белуччимен (35) кездеседі.

Майамидегі жарыс 3 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG