Accessibility links

Францияда "теракт жасамақ болған" адам ұсталды


Париждегі Аржантей ауданында жүргізілген рейд кезінде тұрған полицейлер. Франция, 24 наурыз 2016 жыл.
Париждегі Аржантей ауданында жүргізілген рейд кезінде тұрған полицейлер. Франция, 24 наурыз 2016 жыл.

Франция ішкі істер министрі Бернард Газнев полиция наурыздың 14-і күні Францияға "шабуыл жасауға кәдімгідей дайындалған" деген күдікпен ер адам ұсталғанын хабарлады.

Газнев Париждің солтүстік-батысындағы Аржантей ауданында жүргізілген рейдте ұсталған адамның Париждегі немесе Брюссельдегі жарылыстарға байланысы барына "салмақты дәлел жоғын" айтты.

22 наурызда Брюссельде әуежай мен метрода екі жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапқан. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған бірнеше терактіден 130 адам қаз болған. Брюссельдегі жарылыстарды жасаған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының Париждегі терактілерді ұйымдастырғандарға қатысы бар.

Газнев ұсталған адамның Франция азаматы екенін және оның "Францияға шабуыл жасауды көздейтін террористік желіге қатысы барын" айтты. Ол ұсталған адамның "жоғары деңгейде жоспарланған шабуылға қатысы барын" айтқанымен, аты-жөнін атамады.

Полиция күдіктіні іздеу кезінде Аржантейдегі көп қабатты үйді эвакуациялап, жарылғыш затты залалсыздандыратын құрылғымен тінту жүргізген.

XS
SM
MD
LG