Accessibility links

Мәжіліс төрағалығына Ізмұхамбетовты ұсынды


Парламент мәжілісі төрағалығына ұсынылған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.
Парламент мәжілісі төрағалығына ұсынылған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.

Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаттары мәжіліс төрағасы қызметіне "Нұр Отан" партиясы атынан сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетовтың кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ізмұхамбетовтің кандидатурасы мәжілістің алғашқы пленарлық отырысында ұсынылды. Ізмұхамбетов депутат болып сайланғанға дейін Атырау облысының әкімі болған.

Депутаттар төрағалыққа кандидатқа жасырын түрде, бюллетень арқылы дауыс береді.

Алтыншы шақырылымдағы мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланған 98 депутаттың 84-і - сайлауда ресми есеп бойынша 82,2 пайыз дауыс алған биліктегі "Нұр Отан" партиясының өкілдері. Мәжіліске өткен өзге екі партия - билікшіл "Ақ жол" партиясы мен Қазақстан халықтық коммунистік партиясының әрқайсысы 7 пайыздан асырып дауыс жинап, жеті орынға ие болған.

Алғашқы пленарлық отырыста депутаттар мәжіліс төрағасын, оның орынбасарлары мен парламент комитеттерінің төрағаларын сайлауы тиіс.

20 наурызда сайланған алтыншы шақырылымдағы мәжілістің алғашқы сессиясын бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан.

XS
SM
MD
LG