Accessibility links

Бюро: Матаев ісіне қатысты екі шенеунік ұсталды


Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы төрағасы Болат Берсебаев.
Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы төрағасы Болат Берсебаев.

Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы төрағасы Болат Берсебаев пен комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бек Арпабаев аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс аясында ұсталды деп хабарлады коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросы Алматы қалалық департаменті.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросы ресми сайтында хабарланғандай, Берсебаев пен Арпабаев Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында 25 наурызда ұсталған.

Департамент мәліметіне қарағанда, тергеу барысында 2010-2015 жылдары мемлекеттік саясатты ақпараттық насихаттауға бөлінген 160 миллион теңгеден астам қаржы жымқырылғаны анықталған. "Аталған тұлғалар ҚазТАГ агенттігімен ғана келісім жасасу үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзған" делінген ресми ақпаратта.

Сейітқазы Матаевты ұлы Әсетпен бірге 22 ақпанда Алматы қаласының антикоррупциялық қызметіне тергеуге апарған. Әсет Матаев сол күні босатылған. Ал Сейітқазы Матаев бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен ұсталған. 24 ақпанда сот оны үйқамаққа алған.

XS
SM
MD
LG