Accessibility links

Бельгия шабуылға күдікті екінші жанкештінің есімін жариялады


Бельгия полиция қызметкерлері арнайы операция өтіп жатқан Брюссельдегі Схарбек ауданында жүр. 25 наурыз 2016 жыл.
Бельгия полиция қызметкерлері арнайы операция өтіп жатқан Брюссельдегі Схарбек ауданында жүр. 25 наурыз 2016 жыл.

Бельгия полициясы Брюссель әуежайында 22 наруызда жарылыс жасаған деген күдікке ілінген екінші жанкештінің аты-жөні Наджима Лашрауи деп жариялады. Бұған дейін өзін-өзі жарғандардың алғашқысы – Ибрахим әл-Бакрауи деп хабарланған.

Әртүрлі дереккөздердің хабарлауынша, Лашрауи 2013 жылы Сирияға кеткенге дейін Брюссельдегі католик мектебінде оқыған, өзін ұқыпты студент ретінде көрсеткен. Қазір тергеушілер былтыр қарашада Франция астанасында 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдарға Лашрауидің де қатысуы болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Брюссель полициясы жұма күні 22 наурыздағы терактілерге күдікті үш адамды ұстаған. Бельгия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ұсталғандардың бірінен жарылғыш зат салынған сөмке табылған.

22 наурызда Брюссельде болған терактілер салдарынан 31 адам қаза тауып, 270-тен астам адам жараланған. Бельгия террорлық шабуылдар құрбандарын еске алып, үш күн аза тұтты.

XS
SM
MD
LG