Accessibility links

Украина "Савченко - Сенцов санкциялық тізімін" бекітті


Ресейде ұқсталған украиналық азаматтарды қолдау акциясына қатысушылар. Мюнхен, 20 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресейде ұқсталған украиналық азаматтарды қолдау акциясына қатысушылар. Мюнхен, 20 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Ресейде Надежда Савченко мен өзге де украиналық азаматтарды «заңсыз соттауға қатысы бар» тұлғаларға қатысты санкция тізімін бекітті. Бұл туралы жұма күні Украина президентінің баспасөз хатшысы Святослав Цеголко хабарлаған.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі отырысы алдында ел президенті Петр Порошенконың бұл санкциялық шаралар «Савченко-Сенцов тізімі» болуы тиіс деп мәлімдегені туралы «Украинская правда» басылымы хабарлайды.

УНИАН агенттігі хабарлауынша, жаңа санкциялық тізімге Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі, тергеу комитеті, прокуратурасы, сот органы, әскери және өзге де өкілдері енгізілген.

Президент Порошенко бұл тізімге «Қырымдағы жергілікті татарлар мен украиналықтарды азаптауға қатысы барларды» да енгізуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG