Accessibility links

Пентагон: Сирияда ИМ жетекшілерінің бірі өлді


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

Сирияда АҚШ әскерилері жүргізген арнайы операция барысында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы лидерлерінің бірі Абдул Рахман Мұстафа әл-Кадулидің көзі жойылғаны туралы ақпаратты АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер растаған.

Вашингтонда баспасөз-мәслихатында сөйлеген Эштон Картер АҚШ «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жоғары басшылығын құрту жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келе жатыр, бірақ, ИМ басшылығын жоюмен іс бітпейді деп мәлімдеген. «ИМ тобына қарсы серіктестік» құру үшін Парсы шығанағы елдері жетекшілерінің қатысуымен алдағы сәуір айының 20-сында жиын өтпекші.

Қажы Имам деген тағы бір атымен белгілі әл-Кадулиді АҚШ арнайы қызметі ұзақ уақыт бойы қолға түсіре алмай келген. Оның қай жерде жүргені туралы шынайы ақпарат үшін 7 миллион доллар сыйақы тағайындалған. Әл-Кадули ИМ тобындағы екінші маңызды адам деп саналатын. ИМ басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади өзі жайлы және қайда жүргені туралы ақпаратты жасырады.

XS
SM
MD
LG