Accessibility links

Independent газеті соңғы рет қағазда шықты


Британдық Independent басылымының онлайн нұсқасы. (Көрнекі сурет.)

Британдық Independent басылымының онлайн нұсқасы. (Көрнекі сурет.)

Бүгін британдық Independent газеті өзінің қағаздағы нұсқасын соңғы рет баспадан шығарды. Басылым басшылығының ұйғарымы бойынша, бұдан кейінгі уақытта газет тек онлайнда ғана жарық көретін болады.

Бұл Ұлыбританияда 1995 жылдан бері мұндай деңгейдегі ірі басылымдардың қағаздағы нұсқадан бас тартып, толықтай онлайнға көшкен алғашқысы деп хабарлайды ВВС.

Күнделікті шығатын Independent газетінің негізі 1986 жылы қаланған, 1990 жылға қарай оның тиражы 400 мың данаға жеткен.

Партиялық бағыттардан тәуелсіз басылым саналатын Independent саяси мәселелерде солшылдарға жақын Guardian мен консервативтік Times аралығындағы ұстанымымен танылған.

Бірақ 1990-жылдардың басында қаржы қиындығына тап болған басылымның тиражы да азайды. 2010 жылы газетті ресейлік бизнесмен Александр Лебедев бар болғаны бір фунт стерлингке (шамамен 1,5 доллар) сатып алған.

2015 жылы газеттің күнделікті тиражы 58 мың данадан төмен құлдыраған.

Бірақ, газет иелерінің пікірінше, басылымды онлайнда оқитындар саны арта түскен.

XS
SM
MD
LG