Accessibility links

Атырау облысына Нұрлан Ноғаев әкім болды


Нұрлан Ноғаев.
Нұрлан Ноғаев.

Қазақстан президентінің жарлығы бойынша, Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

48 жастағы Ноғаев 2012 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Оның алдында энергетика және минералды ресурстар министрлігінде мұнай департаменті директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында атқарушы директор болып істеген.

Ноғаевтың алдында Атырау облысы әкімі болып істеп келген Бақтықожа Ізмұхамбетов 20 наурызда өткен кезектен тыс парламент сайлауында 6-шақырылымдағы парламент мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы атынан депутат болып сайланып, жұма күні палата төрағасы қызметіне баламасыз ұсынылған оның кандидатурасын 107 депутат түгел қолдап дауыс берген.

XS
SM
MD
LG