Accessibility links

Ресейдің Карелия аймағындағы көлде суға кетіп опат болған 14 адамның 13-і – балалар деп хабарланды. Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, 47 бала мен төрт инструктордан тұратын туристік топ қатты дауыл болатыны жайлы алдын ала ескертуге қарамастан үш қайықпен серуенге шыққан. Суда бір қайық аударылып қалған.

Қайғылы оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Балалар тобын серуенге бастап шыққан инструкторлардың бірі ұсталған. Карелияда 20 маусым азалы күн болып жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG