Accessibility links

Rolling Stones Кубада концерт берді


Британдық Rolling Stones тобының мүшелері.
Британдық Rolling Stones тобының мүшелері.

Кубада жұма күні британдық әйгілі Rolling Stones тобының тегін концертіне он мыңдаған адам қатысты деп хабарлайды ақпарат құралдары.

Гаванадағы «Сьюдад Депортиво» стадионында өткен концертке адамдар концерт басталардан бірнеше сағат бұрын жинала басталған. Фидель Кастро бастаған коммунистер билігі орнаған 1961 жылдан бері Кубада рок-музыкаға тыйым салынып келген.

Топ фронтмені Миг Джаггер концерттің ашылуында және композициялардың арасында көрермендерге арнап испан тілінде сөйлеген. Rolling Stones бұл концертте өздерінің 18 әнін орындаған.

Rolling Stones тобының концерті Кубаға осы аптада соңғы 88 жылда алғаш рет АҚШ президенті ресми сапармен барғаннан кейін өтіп отыр.

XS
SM
MD
LG