Accessibility links

Бельгия: Салах Абдеслам жауап беруден бас тартқан


Салах Абдесламның ұсталған сәті. Брюссель, 18 наурыз 2016 жыл.

Салах Абдесламның ұсталған сәті. Брюссель, 18 наурыз 2016 жыл.

Брюссельде әуежай мен метродағы жарылыстардан бірнеше күн бұрын ұсталған Бельгия азаматы Салах Абдеслам тергеуге жауап беруден бас тартып отыр.

Әуелгіде полиция ұсталған адам тергеушілер сұрағына жауап беруге келісім беріп, былтыр қарашада Парижде 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдарға байланысты куәліктер бере бастады деп хабарлаған. Бірақ, 22 наурызда Брюссель әуежайы мен метрода жасалған терактілерден кейін Абдеслам өзінің куәлік бермеу құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартқан.

Адвокаттың айтуынша, Абдесламның берген жауаптарын Бельгия арнайы қызметі «алтыннан қымбат» деп бағалаған. Бельгия әділет министрі Кун Геенс Абдесламның жауап беруден бас тартқанын растаған.

Сенбі күні мәлім болғанындай, тергеуге берген жауабында Абдеслам ағайынды Халид және Брахим Бакрауилармен таныс емес екенін айтқан. Бұған дейін тергеушілер Брюссельде жарылыстар болған жерден табылған жанкештілер сүйектері осы екі адамдыкі деп мәлімдеген еді. Бұл туралы Абдесламның полицияға берген жауабының жазбасына сілтеме жасап Le Monde басылымы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG