Accessibility links

Алтай Көлгінов - Батыс Қазақстан облысы әкімі


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Қазақстан президентінің жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

38 жастағы Алтай Көлгінов 2013 жылдың сәуір айынан осы кезге дейін Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарған. Оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған, Қазақстан президенті әкімшілігінде, әділет министрлігінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, бас прокуратурада жұмыс істеген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысын басқарған Нұрлан Ноғаев бүгін Атырау облысының әкімі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG