Accessibility links

АҚШ президенті НАТО бас хатшысымен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ақ үйде кездесіп отыр. Вашингтон, 26 мамыр 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ақ үйде кездесіп отыр. Вашингтон, 26 мамыр 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг сәуір айының 4-і күні Ақ үйде өтетін кездесуде «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрес шараларын талқыламақ.

Сонымен бірге кездесуде миграциялық дағдарыс, биыл шілде айында Польшада өтетін НАТО саммиті және Ресейдің Украинаның шығысындағы іс-әрекеттеріне жауап ретінде осы әскери-саяси одақтың Шығыс Еуропадағы ролін нығайту мәселелері де сөз болады деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.

Хабарламада Йенс Столтенбергпен кездесуде Барак Обаманың НАТО бас штаб-пәтері орналасқан Брюссельдегі террорлық шабуылдарға байланысты Вашингтонның солтүстік Атлантикалық одаққа мүше елдермен ынтымақтастығын атап өтетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG