Accessibility links

Ташкент қырғыз шекарасының даулы тұсынан әскерін әкетті


Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы жазу.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы жазу.

Қырғызстанның Жалалабад облысы Ақсы ауданы Чала-Сарт елді мекеніндегі қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігінен бүгін таңертеңге дейін Өзбекстанның барлық әскерилері кеткені туралы Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі мәлімдеген. Бішкек хабарламасында осының қарсаңында екі елдің шекара қызметі басшыларының қатысуымен өткен кездесу нәтижесінде екі тараптың әлгіндей келісімге келгені айтылған.

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарашылары әдеттегі қызмет міндеттерін атқаруға кірісіп жатыр. Шекара бойындағы жағдай тұрақты әрі тыныш деп хабарлады Бішкек.

Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелері бойынша арнайы өкілі Құрбанбай Искандаров Өзбекстан бұған дейін, 18 наурызда шекараның даулы аймағына өз бөлімшелерін Наурыз мейрамы кезінде күзетті нығайту үшін кіргізген деп мәлімдеген.

Қырғыз шенеунігінің сөзінше, өзбек әскерилері шекараның даулы тұсына еніп, Кербен-Ала Бука тас жолын жапқан, Чала-Сарттағы даулы аймаққа әскерилерін орналастырған. Қырғызстан шекара қызметі бұған жауап ретінде Өзбекстан жағы жіберген шамада сарбаздары мен әскери техника апарып қойған.

Өзбекстан тарабы бұған дейін берген түсініктемесінде әскерилері даулы жерге кірмей, «өз территориясынан шықпағанын», ал шекара маңына күшейтілген әскери топты «Наурыз мейрамы күндері қауіпсіздікті нығайту үшін» қойғанын айтқан.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бойында екі тарап арасында әлі түпкілікті белгіленбеген даулы тұстар бар.

XS
SM
MD
LG