Accessibility links

Түркиядағы АҚШ елшілігі Пасха кезінде сақ болуға шақырды


Стамбулдағы жарылыс болған жер. 19 наурыз 2016 жыл.

Стамбулдағы жарылыс болған жер. 19 наурыз 2016 жыл.

Христиан дінінің католик және протестанттар ағымы жексенбі күні Пасха мерекесін атап өтеді. Мерекеге орай АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі осы елге келген америкалық азаматтарды сақ болуға шақырды.

Дипломаттар түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, ислам экстремистерінің осы күні христиандарға шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертеді.

Германия мен басқа да Еуропа елдері қауіпсіздік мақсатында Түркиядағы дипломатиялық мекемелері мен мектептерін уақытша жапты.

19 наурыз күні Стамбул орталығында жанкешті жасаған жарылыстан 4 адам өліп, ондаған адам жараланған еді. 13 наурыз күні Анкарада автобус жарылып, 37 кісі мерт болған.

XS
SM
MD
LG