Accessibility links

27 наурыз күні Қазақстан бас көлік прокуратурасы Bek Air әуе компаниясы ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қонуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Хабарламада "27 наурыз күні сағат 10:36-да Астана қаласы әуежайына Bek Air әуе компаниясының «Фокер-100» маркалы ұшағы апатты жағдайда қонды. Ұшақ №2041 рейсімен «Кызылорда-Астана» бағытымен ұшып келген" деп жазылған.

Мұнан ары онда "Апатты жағдайда қонудың себебі алдыңғы шассидің (дөңгелектер) ашылмауы" деп жазылған.

Прокуратура мәліметіне қарағанда, ұшақта 121 адам болған (5 экипаж мүшесін қосқанда). Зардап шеккендер жоқ.

Бас көлік прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабы (Темiржол, әуе, теңіз, өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

27 наурыз күні Bek Air авиакомпаниясының Қызылордадан Астанаға ұшып келген лайнерінің апатты жағдайда қонғаны, Астана әуежайының сағат 13:00-ге дейін жабылғаны хабарланған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG