Accessibility links

Сирия әскері Пальмираны ИМ-нен азат етті


Пальмирадағы сарайлардың бірі. (Көрнекі сурет)

Пальмирадағы сарайлардың бірі. (Көрнекі сурет)

Сирияда үкімет әскері тарихи қала Пальмираны "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымы содырларынан азат етті. Мұны Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар хабарлады.

Бүгін Сирия телевизиясы әскер мен халық жасақтарының Пальмираны "толық азат еткенін" хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы таңертең қалада атыс дыбысы шығып тұрғанын, бірақ ИМ содырларының шығысқа шегінгенін хабарлады.

ИМ содырлары Пальмираны былтыр мамырда басып алған еді. Олар бұл көне қаладағы антикалық мәдениет нысандарының бірнешеуін жойып та жіберген. Содырлар әрекетін ЮНЕСКО "адамзаттың қасіреті" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG