Accessibility links

"Төңкеріс жасамақ болған" қырғыз оппозиционері тұтқындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Эрнист Қарыбековті сот Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) абақтысына екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы МҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Қарыбеков 25 наурыз күні "Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша айыпталып, ұсталған еді. Осы іспен оның алдында оппозициялық саясаткерлер Бектур Асанов пен Қубанычбек Қадыров екі айға қамалған болатын. Іс аясында Дуулатбек Турдунәлиевке де іздеу жарияланды.

21 және 22 наурыз күндері интернетке екі адиожазба шықты. МҰҚК ол жазбада сөйлескендерді Бектур Асанов, Қубанычбек Қадыров, Азимбек Бекназаров және Дуулат Турдунәлиев деп жариялап, оларға "билікті басып алуды ақылдасты" деген айып таққан болатын.

XS
SM
MD
LG