Accessibility links

"Теракт жасауды жоспарлаған" күдікті Роттердамда ұсталды


Нидерланд полициясы (Көрнекі сурет).

Нидерланд полициясы (Көрнекі сурет).

Нидерландтың Роттердам қаласында "Францияда терактілер жасауды жоспарлауға қатысы бар" деген күдікті француз азаматы ұсталды. 32 жастағы ер адам Париждің сұрауы бойынша ұсталған және ол таяу уақытта депортацияланады. Нидерланд прокуратурасы мәлімдеуінше, бұдан өзге тағы үш адам ұсталған. Олардың екеуі - алжирліктер.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері үкіметтері 2015 жылы 13 қараша күні Парижде (Франция) 130 адамның өмірін қиған шабуыл мен 22 наурыз күні Брюссельде (Бельгия) 31 адам қаза тапқан шабуылдан соң терроризммен күрес саласында ынтымақтастықты күшейткен.

Германияның Die Welt басылымының хабарлауынша, ЕО елдерінің билігі Париж бен Брюссельдегі "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) экстремистік ұйымы мүшелері жасаған шабуылдарға қатысы бар деген тағы сегіз күдіктіні іздеп жатыр.

XS
SM
MD
LG