Accessibility links

Молдовада Румыниямен қосылуға қатысты акциялар өтті


Молдова мен Румынияның қосылуын жақтайтындардың акциясы. Кишинев, 27 наурыз 2016 жыл.
Молдова мен Румынияның қосылуын жақтайтындардың акциясы. Кишинев, 27 наурыз 2016 жыл.

Кишиневте 27 наурызда Молдова мен Румынияның біріккенін қолдайтын азаматтардың митингі өткен. Оған бірнеше мың адам қатысты. Акцияны екі елдің үкіметтік емес ұйымдарын біріктіретін "Іс-қимыл 2012" азаматтық платформасы ұйымдастырды. Митинг Бессарабия мен Румынияның біріккеніне 98 жыл толуына арналды.

Кишиневте бұған қоса Молдова мен Румынияның бірігу стратегиясын дайындау үшін құрылған бейресми парламент - "Екі ел кеңесінің" құрылтайы өтті. Құрылтайға қатысқандар 2018 жылдың наурызына дейін екі елді біріктіру қажет екенін мәлімдеді. Бұл үшін Румыния Украинамен территория алмасу туралы келіссөз жүргізуі тиіс. "Біз Бессарабияның оңтүстік және солтүстік территориясына айырбастау үшін Приднестровьені беруіміз керек" деп мәлімдеді "Екі ел кеңесін" құрушылардың бірі Николай Дабижа.

Бұл күні Кишиневтің орталығында екі елдің бірігуіне қарсылардың да митингісі өтті. Акцияны ұйымдастырған "Молдова Республикасы социалистер партиясының" жетекшісі Игорь Додон Румыниямен бірігуге шақыру "елді азамат соғысына" бастайтынын мәлімдеді. Ол румындар Молдованың "көршісі әрі досы" екенін де айтты.

1918 жылы 27 наурызда Молдова демократиялық республикасының (Бессарабия) парламенті Румынияға қосылуға дауыс берген. 1940 жылы бұл территория СССР-ге берілген. Оның көпшілік бөлігі Молдова СССР болып өзгеріп, қалған бөлігі - Солтүстік Буковина мен Бессарабияның оңтүстігіндегі бірнеше аудан Украинаның Одесса және Черновицк облыстарының құрамына кіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG