Accessibility links

Путин Асадты Пальмираның азат етілуімен құтықтады


Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад.
Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад.

Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Сирия президенті Башар Асадты тарихи Пальмира қаласын азат ету операциясының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Путин Асадпен 27 наурыз күні Дамаск экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының содырлары Пальмирадан тықсырылып, қала азат етілгенін жариялаған соң телефонмен сөйлескен. "Сирия президентімен әңгімеде Путин оны Сирия әскерінің Пальмираны терроршылардан азат еткенімен құттықтап, әлемдік мәдениет үшін өзекті тарихи қаланы сақтаудың маңызды екенін айтты" деген Песков.

Сирия үкіметі әскері Пальмираны Ресей авиациясының көмегімен азат етті. Бұл Сирия үкіметінің Ресей әскери операциясы басталған 2015 жылдың қыркүйегінен бергі ірі стратегиялық әрі символдық жеңісі саналады. Мәскеу - Асадтың ИМ-мен, АҚШ және оның одақтастары қолдайтын қалыпты оппозицияшыл күштермен күресінде одақтасы.

XS
SM
MD
LG