Accessibility links

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда сессиясында АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы 3 теңге 41 тиынға арзандап, 340 теңге 1 тиынды құрады. Өткен жұмы күнгі сауда сессиясында доллар 343 теңге 42 тиын болған. Таңертеңгілік саудада биржада 64 миллион 52 мың доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 339-340 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамы Қазақстан экспорттайтын негізгі шикізат - мұнай бағасына байланысты екенін айтқан. Наурыздың басынан бері әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы біртіндеп қымбаттап, баррелі 40 доллардан асқан.

XS
SM
MD
LG