Accessibility links

Баку: Армениямен шекарада екі әскер қаза тапты


Әзербайжанмен шекарадағы Армения әскерилерінің шептері (Көрнекі сурет).

Әзербайжанмен шекарадағы Армения әскерилерінің шептері (Көрнекі сурет).

Таулы Қарабақ даулы өңірінде армян әскерімен қақтығыста екі әскери қызметкеріміз оққа ұшты деп хабарлады Әзербайжан әскери қолбасшылығы. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, офицер мен сарбазы мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған армян әскерлерін ұстамақ болғанда қаза тапқан. Армения бұл мәліметтерді жоққа шығарып, демалыс күндері әзербайжан әскерлері шекаралас бірнеше ауданға шабуылдағанын және одан жергілікті бір тұрғын жараланғанын мәлімдеді.

1990 жылдары бұл аймақтағы этникалық жанжал соғысқа ұласып, 30 мыңға тарта адам қаза тапқан. Соғыстан соң армяндар Таулы Қарабаққа бақылау орнатқан. Франция, Ресей және АҚШ-тың араласқанына қарамастан, жанжал шешілмеген күйі қалған.

XS
SM
MD
LG