Accessibility links

Кремль: Кей елдер сайлауға ықпал еткісі келеді


Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей кейбір елдер мен үкіметтік емес ұйымдарды алда болатын парламент сайлауына кедергі келтіргісі келеді деп айыптады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бірқатар ұйымдар президент Владимир Путиннің беделіне "нұқсан келтіруге тырысатынын" мәлімдеді. Ресейлік агенттіктердің хабарлауынша, Песков кейбір елдер мен үкіметтік емес ұйымдардың "Ресейге ықпал етуге және жағдайды шайқалтуға барын салып жатқанын" айтқан.

Песков халықаралық журналистер консорциумын жеке атап, оның қызметкерлері Путиннің отбасы мен достары туралы ақпарат іздеп жатқанын айтты. Вашингтонда орналасқан, 65 елдегі журналистерді қолдайтын консорциум айыптау туралы мәлімдемеге жауап бермеді.

Песков елдегі сайлауларға сыртқы күштер ықпал етуі мүмкін деп қауіп білдірген алғашқы Ресей билігі өкілі емес. Өткен айда ел президенті Владимир Путин де "арнайы қызмет органдары сырттан арандату әрекеттеріне дайын болуы тиіс" екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG