Accessibility links

БАҚ: ЦРУ басшысы Мәскеуде Асад туралы сөйлескен


ЦРУ басшысы Джон Бреннан

ЦРУ басшысы Джон Бреннан

АҚШ орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) директоры Джон Бреннан наурыздың басында Мәскеуге келіп, Сирия президенті Башар Асад билігінің болашағына қатысты мәселені талқылаған деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттіктері.

РИА "Новости" мен "Интерфакс" агенттіктерінің АҚШ-тың Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Джон Бреннан "АҚШ үкіметінің Сириядағы саяси өзгерісті жүйелі түрде қолдап келе жатқанын" растаған.

"Интерфакстің" Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотовқа сілтеме жасап хабарлауынша, Бреннан Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінде (немесе ФСБ) кездесу өткізген. Бірақ Сыромолотов ЦРУ басшысының Ресейге сапары мен одан кейін Мәскеудің Сириядағы әскерінің бір бөлігін әкету шешімі "бір-бірімен байланысты емес" екенін айтқан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ЦРУ ресми өкілі Джон Бреннанның осы айдың басында Мәскеуге барғанын растаған.

XS
SM
MD
LG