Accessibility links

Тергеушілер Сан-Бернардино ісіне қатысты IPhone кодын алды


Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Коми конгресте жеке бас ақпаратына қолжетімділік мәселесіне қатысты тыңдауда сөйлеп тұр. Вашингтон, 1 наурыз 2016 жыл.

Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Коми конгресте жеке бас ақпаратына қолжетімділік мәселесіне қатысты тыңдауда сөйлеп тұр. Вашингтон, 1 наурыз 2016 жыл.

АҚШ әділет министрлігі Apple компаниясына қатысты сотқа берген шағымын қайтарып алатынын хабарлады. Министрлік шағымында өткен жылы желтоқсанда Сан-Бернардино қаласында болған терактіні ұйымдастырушының iPhone-ын ашатын кодты беруді талап еткен. Министрлік өкілі iPhone кодын федералдық биліктің сұрауымен америкалық фирмалардың мамандары анықтаған. Тергеушілер қазір "смартфон жадысындағы ақпаратты ережеге сай зерттеп жатыр".

Әділет министрлігі мен Apple компаниясының теке-тіресі тергеушілер сот санкциясы бойынша терактіні жасағандардың бірі Сайед Ризван Фаруктың смартфон кодын беруді талап еткен соң басталған.

Фарук әйелімен бірге бұрын өзімен жұмыс істескен адамдарға оқ атқан. Шабуылдан 12 адам қаза тауып, 22 адам жараланған.

Оқиғаны тергеп жатқан арнайы қызмет смартфон жадысында маңызды ақпарат болуы мүмкін" дейді. Apple компаниясы сот шешіміне шағымданып, тергеушілер өздеріне миллиондаған тұтынушының смартфонына кіруге жол ашатын кодты беруін талап етіп отырғанын айтқан.

Жеке бас ақпаратына қол сұғылмаушылық құқығын анықтайтын сот тартысы әлі аяқталған жоқ. Федералдық билік Apple-ден тағы он iPhone-ның кодын беруді талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG