Accessibility links

Египетте жолаушылар ұшағын күшпен басып алды


EgyptAir компаниясының Airbus 330 ұшағы (Көрнекі сурет).
EgyptAir компаниясының Airbus 330 ұшағы (Көрнекі сурет).

Египетте Александриядан Каирге ұшып шыққан жолаушылар ұшағын қарулы адам басып алып, Кипрге күшпен қондырды. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, EgyptAir компаниясына тиесілі Airbus 320 ұшағында экипаждың жеті мүшесі мен 55 жолаушы - барлығы 62 адам болған.

Кейбір мәліметтер бойынша, ұшақты кем дегенде бір қарулы адам басып алған.

Ұшақ Кипрдің Ларнаки әуежайына қондырылған соң оны басып алған адам денесіне жарылғыш заттар таңып алғанын хабарлаған.

Ұшақты кімнің басып алғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге хабарланған жоқ.

Кипрде төтенше оқиғаға байланысты арнайы орталық құрылды.

XS
SM
MD
LG