Accessibility links

Египет ұшағында болғандардың көбі босатылды


Ларнака әуежайында күшпен қондырылған ұшақ. Кипр, 29 науыз 2016
Ларнака әуежайында күшпен қондырылған ұшақ. Кипр, 29 науыз 2016

Египеттен бүгін таңертең күшпен айдап әкетіліп, Кипрге қондырылған EgyptAir компаниясының ұшағынан борттағы адамдардың көпшілігі шығарылды. Александрия қаласынан MS181 рейсімен Каирге ұшып шыққан Airbus 320 ұшағын белгісіз қарулы адам басып алып, күшпен Кипрдің Ларнака қаласы әуежайына қондырған.

EgyptAir компаниясының Twitter-де хабарлауынша, ұшақты бсып алғандар онда бес шетелдік жолаушы мен экипаж мүшелерін ғана қалдырып, қалғандарын босатқан.

Египет мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ұшақты басып алған адам - Египет азаматы.

Кипр билігі ұшақты басып алғандармен келіссөз жүргізбек болғанымен, әзірге қарсы жақ ешқандай талап білдірмеген.

Египет билігі бұдан бұрын ұшақта 81 адам болғанын хабарлаған.

Қазір Ларнака әуежайы жабылып, рейстер басқа жаққа жіберіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG