Accessibility links

Олимпиадалық іріктеу: Қазақстандық 4 боксшы 1/2 финалда


Иван Дычко.

Иван Дычко.

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты.

Бүгін, 29 наурызда өткен күндізгі сессияда 64 килограмм салмақта 19 жастағы Абылайхан Жүсіпов австралиялық қарсыласы Давид Видлиді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді.

81 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов сириялық қарсыласы Алаа Элдин Госсоунды жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал +91 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко жаңа зеландиялық Патрик Майлотты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Әйелдер арасында 75 килограмда Дариға Шәкімова моңғолиялық Эрденету Энхбаатарды 3:0 есебімен жеңіп, ол да 1/2 финалға шықты.

Ал 60 килограмда 19 жастарғы Назым Ишанова қытайлық, Азия ойындарының чемпионы Иун Жинхуадан 0:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левит олимпиада жолдамасын иеленген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG