Accessibility links

Астана сотында Азаттық тілшісінен смартфонын алып қалды


Астана қалалық сотына кіреберістегі өткізу пункті. 29 наурыз 2016 жыл.

Астана қалалық сотына кіреберістегі өткізу пункті. 29 наурыз 2016 жыл.

Астана қалалық сотының қызметкрелері бүгін Азаттық тілшісі мен Ratel.kz сайтының журналисін самртфондарын сот ғимаратына кіреберістегі өткізу орнына қалдырып кетуге мәжбүрледі. Күзетшілер мен сот қызметкерлері мұны президент пен премьер-министрі әкімшілігі басшыларының тапсырмасы деп түсіндірді.

Бірақ олар ақпарат құралдары өкілдеріне смартфондарын қалдырып кетуді міндеттейтін қандай да бір құжатты атап, я көрсетуден бас тартты. Азаттыққа Астана қалалық соты кеңсесі ішкі қауіпсіздік бөлімінің маманы Дулат Өтембаевтың айтуынша, ондай құжат "құпия" саналады.

- Мен телефондарында интернеті жоқтарды ғана жібердім, - деді Дулат Өтембаев. Қалалық соттың аты-жөнін атамаған қызметкері Азаттық тілшсіне журналист сотқа "смартфонның орнына фотоаппарат әкелуі тиіс" екенін айтты.

Ratel.kz сайтының журналисі Анар Бекбасованың айтуынша, өткен аптада парламент мәжілісі сессиясының ашылуында журналистерден жұмыс істейтін бір де бір аппаратын тартып алмаған.

Журналистер мемлекеттік мекемеге "келуші" санала ма деген сұраққа жауап табу мүмкін болмады. Журналистер қалалық сотқа сот процесіне қатысу үшін емес, хабар дайындап, ақпарат алу үшін редакцияның тапсырмасымен барған. Соттан шығарда журналистерге смартфондарын қайтарып берді.

Қазақстан үкіметі 24 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің смартфон мен планшет ұстауына тыйым салған.

Ресми мәлімет бойынша, бұл шара "ақпараттың сыртқа шығуымен" күресу үшін енгізілген. Мемлекеттік мекемелерде интернет байланысы ұстайтын, фото және видео камералары бар құрылғылар қолдануға тыйым салынады. Бірақ мекемеде қоңырау шалып, хат-хабар алмасатын функциясы бар ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі.

XS
SM
MD
LG