Accessibility links

Футбол: Қазақстан Грузиямен тең ойнады


Қазақстан футбол құрамасы.
Қазақстан футбол құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузиямен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың 35-минутында Қазақстан сапынан Азат Нұрғалиев матчтағы алғашқы голды салса, 38 минутта алаң иелерінен Торник Окриашвили есепті теңестіріп кетті. Бұл есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Қазақстан 26 наурызда Антальяда Әзербайжан құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түскен еді.

2015 жылдың соңында ресейлік маман Юрий Красножан кеткелі ұлттық құрамаға әлі бас бапкер тағайындалған жоқ. Әзербайжан мен Грузияға қарсы ойынға команданы бас бапкер міндетін атқарушы қазақстандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтырды.

XS
SM
MD
LG