Accessibility links

Жанна Немцова АҚШ мемлекеттік хатшысы сыйлығын алды


Жанна Немцова.
Жанна Немцова.

Ресейлік оппозицияшыл саясаткер, қастандықтан қаза тапқан Борис Немцовтың қызы Жанна Немцова АҚШ мемлекеттік хатшысының әйелдерге батылдығы үшін берілетін халықаралық сыйлығын иеленді. Сыйлық әлем бойынша барлығы 13 әйелге берілді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 29 наурыз күні Вашингтонда өткен марапаттауда сыйлықты Жанна Немцоваға; Бангладеш, Белиза, Қытай, Гватемала, Ирак, Малайзия, Мавритания, Словакия, Судан, Танзания, Таиланд және Йеменнен шыққан әйелдерге тапсырды.

2007 жылы тағайындалған сыйлық "бейбітшілік, әділеттілік, адам құқығы, гендерлік теңдік үшін күресте батылдық танытып, жетекшілік қасиетін көрсеткен" әйелдерге беріледі.

Deutsche Welle басылымының тілшісі және Борис Немцов атындағы қордың негізін салған Жанна Немцова 2015 жылы ақпанда әкесі Мәскеуде Кремльге жақын жерде қастандықтан қаза тапқан соң ұзамай Ресейден кетіп қалған. Ол әкесінің қазасын барынша мұқият тергетуге қол жеткізе алмай, Ресей тергеу комитетін "істі толық ашуға мүдделі емес" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG