Accessibility links

Назарбаев Брюссельде теракт құрбандарын еске алды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға ресми сапары барысында Брюссельдегі теракт құрбандарын еске алу шарасына қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев 29 наурызда Брюссельде "Маальбек" метро станциясында 22 наурызда болған терактілерден қаза тапқандарды еске алу шарасына қатысып, гүл қойған.

Шарада Назарбаев Брюссель аймақтық үкіметі басшысының орынбасары Ги Банхенгельге теракт құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек айығып кетуін тілейтінін білдірген.

Назарбаев Қазақстан терроризмнің кез келген түрін айыптайтынын да айтқан.

Қазақстан президенті сапар барысында Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Тускпен және Еуропа комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездеспек.

Брюссельде 22 наурыз күні әуежайдың ұшу залында екі жарылыс, "Маальбек" метро станциясында тағы бір жарылыс болған. Терактілерден 31 адам қаза тауып, 270-тен астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG