Accessibility links

Роуханидың Австрияға сапары кейінге қалдырылды


Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани Австрияға сапарын қауіпсіздік мақсатында белгісіз мерзімге кейінге шегерді. Австрия президенті Хайнц Фишердің өкілінің хабарлауынша, Иран жағы президент сапарының себебін нақты айтпаған. Австрияның ішкі істер министрлігі Венада "қауіпсіздікке нақты бір қатер төніп тұрмағанын" мәлімдеді.

Иран үкіметінің сайты 30-31 наурызға белгіленген сапардың "екі жақтың өзара келісімі бойынша" кейінге шегерілгенін растайды. Бірақ кейінге шегерудің қауіпсіздікке қатысы бары айтылмайды.

Венаға сапар - Роуханидің Иран 2015 жылы шілдеде әлемдік державалармен ядролық келісім жасағаннан бергі Еуропаға екінші сапары болуы тиіс еді. Қаңтар айында Роухани Италия мен Францияға барған. Сапарында ол бірнеше үлкен келісімге, оның ішінде 24 миллиард долларға 118 Airbus ұшағын сатып алу келісіміне қол қойған.

XS
SM
MD
LG