Accessibility links

Ақышев: Шетел валютасына сұраныс азайды


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астанада өтіп жатқан бизнес-форумда елде тұрғындар тарапынан шетел валютасына сұраныстың кәдімгәдей азайғаны байқалғанын мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Ақышев соңғы апталарда теңгедей ашылған депозит үлесі артып, шетел валютасында ашылған депозит үлесі азайғаны байқалатынын айтқан.

"Қаңтарда айырбас пунктерінде тұрғындар бар болған 213 миллион доллар сатып алған. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Ақпанда бұл тенденция күшейіп қана қоймай, шетел валютасына сұраныс біржола азаю бағытына өтті. Айырбас пунктерінде операция сальдосы бірінші рет өзгеріп, тұрғындар шетел валютасын сатып алудың орнына одан жаппай арылуға көшті. Тұрғындардан сатып алынған шетел валютасының көлемі 277 миллион долларды құрады" деді Ақышев бүгін ашылған "Ұжымдық басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарас" деп аталатын форумда.

Данияр Ақышев бұған қоса Ұлттық банк валюта бағамының күрт құбылуын болдырмау үшін валюта нарығындағы саудаға араласу құқығын сақтап қалатынын айтып, бірақ Ұлттық банк айырбас бағамына болжам жасамайтынын білдірді.

XS
SM
MD
LG