Accessibility links

Брюссель әуежайы қайта ашылуға дайын


Брюссель әуежайындағы жарылыс болғаннан кейінгі көрініс. 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссель әуежайындағы жарылыс болғаннан кейінгі көрініс. 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссель әуежайы техникалық көрсеткіштер бойынша жұмысын қайта жалғастыруға дайын, бірақ жолаушылар ұшағын ұшыру мен қабылдау 1 сәуірдің кешінен кейін басталады. Әуежай сайтында хабарланғандай, басқарушы орган мен өрт сөндірушілер 29 наурызда жүргізген ауқымды тексеруден соң рұқсатын берген.

Хабарламада "Әуежай техникалық тұрғыдан жолаушылар тасымалы қызметіне дайын. Тіркеу үшін уақытша блок дайындалған" делінген. Әуежай қалыпты кезде атқаратын жұмысының тек 20 пайызын атқара алады. Әуежай жұмысын қайта бастау туралы түпкілікті шешімді Бельгия билігі қабылдауы тиіс.

22 наурызда екі жанкешті әуежайдың жолаушылардың ұшып кету зонасында жарылыс жасаған. Сол күні Брюссель метросында да бомба жарылған. Терактілерден 30-дан астам адам қаза тауып, 270-тен астам адам жараланған. Терактілерге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG