Accessibility links

Канада тағы 100 мың сириялық босқынды қабылдайды


Сириялық босқындар.
Сириялық босқындар.

Канаданың иммиграция істері жөніндегі министрі Джон МакКаллумның мәлімдеуінше, Канада сириялық тағы 100 мың босқынды қабылдайды. МакКаллум бұл жайлы Германияға барғанында айтты. Германияға мигрантттардың жаппай ағылуы бұл елде ұлтшылдық көңіл-күйді күшейтіп, қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық тудыра бастаған.

Канадаға соңғы айлардың өзінде 26 мыңнан астам мигрант барған. Миграциялық биліктің хабарлауынша, өздері әлі Канадаға жетпесе де пана сұраған 16 мың босқынның өтініші қаралып немесе шешім қабылданып жатыр.

Канадада шіркеулер, отбасылық және қауымдық ұйымдар сириялық отбасыларға дмеушілік көмек көрсетіп жатыр. Ақпан айында жүргізілген сауалнама бойынша, канадалықтардың арасында Канада пана сұраған адамдарды қабылдау керек пе деген мәселеге қатысты нақты бір ұстаным жоқ.

XS
SM
MD
LG