Accessibility links

Бельгия Абдесламды Францияға бермек


Салах Абдесламды тұтқындау сәті. Брюссель, 18 наурыз 2016 жыл.
Салах Абдесламды тұтқындау сәті. Брюссель, 18 наурыз 2016 жыл.

Бельгия билігі Францияға 13 қарашада Парижде болған терактілерге басты күдікті Салах Абдесламды экстрадициялауға шешім қабылдады. Бельгия мемлекеттік прокурорының хабарлауынша, "Абдесламды тапсыруға рұқсат етілген".

Төрт ай қашып жүрген Абдеслам 18 наурызда Брюссельде ұсталған. Оған Парижде 130 адамның өмірін қиған терактілерді жоспарлап, жасауға ықпал етті деген айып тағылған. Терактілерге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

Абдесламның адвокаты Седрик Моис күдіктінің "Франция билігімен ынтымақтасқысы келетінін" хабарлады. Франция әділет министрі Жан-Жак Урвоаның мәлімдеуінше, "төтенше бір оқиға болып қалмаса, Абдеслам алдағы 10 күнде экстрадицияланбақ".

Бельгия билігі Абдеслам 22 наурызда Брюссель әуежайы мен метросында терактілер жасаған жанкештілердің кем дегенде екеуімен қарым-қатынас жасаған дейді. Брюссельдегі жарылыстардан 30-дан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG