Accessibility links

Вашингтонда ядролық саммит басталды


АҚШ президенті Барак Обама (ортада) мен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе (сол жақта) және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ ядролық саммитте отыр. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (ортада) мен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе (сол жақта) және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ ядролық саммитте отыр. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.

Вашингтонда ондаған елдің басшылары мен үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын ядролық қауіпсіздік саммиті ашылды. Биылғы саммитке қатысудан Ресей бас тартқан. Батыс елдері мұны Ресей Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеніне байланысты Мәскеу мен НАТО қарым-қатынасының нашарлауынан көреді. Саммитке қатысушылар ядролық материалдарды экстремистік ұйымдардың бомба жасау үшін қолға түсіруінен қорғау мәселелерін талқылап жатыр.

Күн тәртібіндегі мәселелер арасында Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен Пхеньян тарапынан төнетін қауіп те бар. Пхеньян бұған дейін ядролық заряды мен түрлі қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарын сынағанын мәлімдеген.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің саммитке қатысудан бас тартуын "форум тақырыптары мен мәселелерін алдын ал дайындау өзара іс-қимыл жетіспейді" деп түсіндірген.

Саммит 2010 жылдан бері АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен екі жылда бір өткізіліп келеді. Алғашқы екі саммитке Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев, үшінші саммитке сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысқан.

XS
SM
MD
LG