Accessibility links

Назарбаев: ЕАЭО - тек экономикалық одақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.

"Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) - таза экономикалық одақ. СССР-ді қайта құру ешқандай әңгіме жоқ" деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Вашингтонда АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесуінде "ЕАЭО - ортақ тауар, капитал, еңбек ресурстары айналымы, қызмет көрсету ережелері бар экономикалық бірлестік" екенін айтқан.

"Мұнда СССР-ді қалпына келтіру туралы ешқандай әңгіме жоқ. Қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі мұндай таптаурындарды құрту керек. Олар бізге болашаққа қарауымызға кедергі келтіреді" деді Назарбаев.

ЕАЭО - Ресей, Беларусь және Қазақстан арасында құрылған, 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған одақ. Кейін одаққа Армения мен Қырғызстан қосылған.

XS
SM
MD
LG