Accessibility links

Назарбаев МАГАТЭ-мен келісім жайлы айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 31 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда халықаралық бейбітшілік жөніндегі Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен кездесті деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу Вашингтонда өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік саммиті аясында ұйымдастырылған. Назарбаев кездесуде халықаралық атом ісі жөніндегі агенттікпен (МАГАТЭ) Қазақстанда аз байытылған ядролық отын банкін құру туралы келісімді орындаудың маңызды екенін айтты.

Саммитте ядролық материалдарды экстремистік ұйымдардың қолына түсіп кетуден қорғау мәселелері талқыланып жатыр. Бұл саммит АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен 2010 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді.

Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесінде "екі ел ядролық қауіпсіздікті күшейту шараларын іске асыру ниетінен айнымайтыны" айтылған. Мәлімдемеде тараптар Қазақстанның ядролық физика институтындағы зерттеу реакторын "рұқсат етілген" отынға ауыстыруды аяқтағанын қолдағаны айтылады. Сонымен қатар Қазақстанның ядролық физика институтындағы реакторда жоғары байытылған уран қалдықтарын Ресейге беруі тиіс екені айтылған.

2015 жылы тамызда МАГАТЭ-мен жасалған келісім бойынша, Қазақстанда атом энергетикасына қажетті аз байытылған ядролық отын банкі Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты аймағында орналасады. Банк құрылысы 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG