Accessibility links

Солтүстік Корея теңізге тағы зымыран атты


Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғаны туралы телеарна хабарынан скриншот. 4 наурыз 2016 жыл.

Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғаны туралы телеарна хабарынан скриншот. 4 наурыз 2016 жыл.

Солтүстік Корея елдің шығыс жағалауынан теңізге қарай зымыран атты. Оңтүстік Корея әскерилері өкілінің хабарлауынша, зымыран 1 сәуір күні Солтүстік Кореяның шығыс жағалауына жақын аймақтан атылған. Тағы бір оңтүстік кореялық шенеуніктің айтуынша, қысқа қашықтыққа ұшатын және жер-әуе санатына жататын зымыран ұшырылған.

Зымыран атылардан бірнеше сағат бұрын Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және АҚШ президенті Барак Обама Пхеньянға арандатушылықты тоқтатуға шақырып, олай болмаған жағдайда қысым күшейетінін ескерткен. Үш ел басшылары Пхеньянның соңғы айларда ядролық сынақ жасап, әлсін-әлсін зымыран ұшыру әрекеттеріне қатысты қысымды күшейтуге уәде етті.

31 наурызда Вашингтонда ядролық қауіпсіздік саммиті аясында кездескен үш ел басшылары өз елдерінің бір-бірін қорғау міндетіне адал екенін және Пхеньян тарапынан төнетін қауіпке қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG