Accessibility links

Қырымда ресейшіл телеарна хабар тарата бастады


Қырым татарлары тілінде жаңадан ашылған "Миллет" телеарнасының бас директоры Сейран Мамбетов.

Қырым татарлары тілінде жаңадан ашылған "Миллет" телеарнасының бас директоры Сейран Мамбетов.

Ресей аннексиялап алған Қырымда Қырым татарларының тілінде "Миллет" деп аталатын спутниктік телеарна хабар тарата бастады.

Қырым вице-премьері Руслан Балбектің айтуынша, телеарна "Ресейге қарсы насихатпен" күресу үшін құрылған.

Тамыз айында телеарна тіркелгенде Қырым татарлары оған "Кремльдің насихат құралы" деп қарсылық танытқан. Телеарна қыркүйекте сынақ ретінде хабар тарата бастаған.

Телеарна бас директоры Сейран Мамбетовтің айтуынша, "Миллет" енді Ресейдің "Ямал 401" спутнигі арқылы Ресей, Украина, Орталық Азия мен Түркияға таралады.

Тура бір жыл бұрын - 2015 жылдың 1 сәуірінде Қырымның Ресей қолдайтын билігі Қырым татарларының біраз жылдан қызмет етіп келе жатқан ATR телеарнасы мен оның филиалдарын жапқан.

АҚШ, Еуропа Одағы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Amnesty International халықаралық ұйымы ATR-дың жабылуын Қырым татарларын одан ары қудалау деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG