Accessibility links

Обама ядролық терроризм қаупі туралы ескертті


АҚШ президенті Барак Обама ядролық қауіпсіздік саммитінде. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама ядролық қауіпсіздік саммитінде. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама әлемде террористер қолына ядролық қару түсу қаупі барын мәлімдеді.

«Егер бұл есінен адасқандардың қолына ядролық бомба түсер болса, олар соның көмегімен бейкүнә адамдарды неғұрлым көбірек өлтіруге тырысатынына еш күмән жоқ» деп мәлімдеді Обама жұма күні Вашингтонда ғаламдық ядролық қауіпсіздік саммитінде. Ол әлем лидерлерін ядролық нысандар мен материалдардың күзетін нығайтуға шақырды.

Саммит жұмысына елуден астам елдің басшылары қатысты. Олардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Ресей билігі Вашингтондағы саммитке қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG