Accessibility links

Баку мен Ереван Қарабақ аймағында атыс болғанын мәлімдеді


Картадағы Армения мен Әзербайжан және Таулы Қарабақ аумағы.
Картадағы Армения мен Әзербайжан және Таулы Қарабақ аумағы.

Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы (ТҚР) қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштері тарапынан болған атыс салдарынан бір бала мерт болып, тағы екеуі жараланған деген ақпарат таратты.

Онда зымыран соққысы ТҚР қорғаныс күштерінің бекініс орындары ғана емес, бейбіт халық тұратын елді мекендерге берілгені жазылған. Бұған дейін ТҚР қорғаныс министрлігі сенбіге қараған түні әзербайжандық әскерилердің Қарабақтағы жанжал аймағында бірқатар бағыттар бойынша белсенді іс-қимыл жасауға әрекеттенгені туралы хабарлаған еді. Кейін Армения қорғаныс министрлігі армян жағы қарсы соққы беріп, екі жақ арасында әскери іс-қимылдар жалғасып жатқаны туралы мәлімдеген деп хабарлады «Интерфакс».

Өз кезегінде Әзербайжан қорғаныс министрлігі өкілдері Арменияның қарулы күштері әзербайжандық әскерилер позицияларын артиллериядан, минометтер мен ірі калибрлі басқа да қарудан бастырмалата атқылаған деп мәлімдеген. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, екі жақтың қарулы күштері арасындағы сызыққа жақын орналасқан "бірқатар тұрғын кварталдар оқ астында қалғаннан кейін, оған қарсы шара қолдану" туралы шешім қабылданған.

Бакудегілер сонымен бірге армян әскерилері Әзербайжан әскери-әуе күштері тікұшағын атып түсіргені туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Негізінен армяндар көп қоныстанған Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған. Оның соңы Әзербайжан мен Армения арасында қарулы жанжалға ұласып, Баку жікшіл аймаққа бақылаудан айрылып қалған.

XS
SM
MD
LG